360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Сербия арасындағы іскерлік байланыс дамып келеді

  • 120
  • UPD: 21:13, 09.10.2018

Қазақстан мен Сербияның ынтымақтастығы дипломатиялық сипатта ғана емес, іскерлік салада да дамитын болады, деп хабарлайды «Хабар24».

Осы бағытта қос мемлекеттің 200-ге жуық өкілі бизнес форумда бас қосты. Оған Сербия Республикасының президенті Александр Вучич пен еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та қатысты. Іскер топ өкілдерінің жиынында әуе тасымалы, жастар саясаты, витиринарлық қызмет және құрылыс саласында өзара түсіністік орнатып, тәжірибе алмасуға бағытталған 4 ведомствоаралық меморандумға қол қойылды. Сербия парламенті депутатының айтуынша, бүгінде қос мемлекет арасындағы саяси байланыс өте жоғары деңгейде, енді осы мүмкіндікті бизнесмендер тиімді пайдаланып, іскерлік қатынастарды арттыруы тиіс. Айта кетейік, бүгінде екі ел арасында бірлескен 20 кәсіпорын ешқандай кедергісіз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Драгомир Карич, Сербия парламентінің депутаты:

– Президент Алекстандр Вучич пен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, 65 гектар жерге құрылыс жұмыстарын бастау үшін капсула көмді. Ол жерде қала ішінде заманауи жаңа қала бой көтереді. Құрылысқа шамамен 1 миллиард 200 миллион инвестиция тартылады. Бүгінде Сербия Балқан жағалауы елдерінің арасында жоғары технологиялар бойынша алдыңғы орында тұр. Осы форум аясында біз серіктес тауып, Қазақстанда жоғары технологиялар орталығын ашуға ниеттіміз. Мұнда біз талантты жастардың басын қосып, оларды оқытып, бағыт-бағдар беремекпіз.

Хабар 24 телеарнасы