366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Агроөнеркәсіпті дамыту. Оралда төрт елдің ғалымдары бас қосты

  • 156
  • UPD: 23:17, 09.10.2018
Агроөнеркәсіпті дамыту. Оралда төрт елдің ғалымдары бас қосты

Оралдағы Жәңгірхан атындағы аграрлық техникалық университетте Қазақстан, Ресей, Германия және Канада елдерінің ғалымдары бас қосты, деп хабарлайды «Хабар24».

Форумға қатысушылар шетелдік технологияның отандық мал шаруашылығын дамытудағы рөлі мен маңызы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру мақсатында шетелден мамандар тарту – Мемлекет басшысы Жолдауындағы басым міндеттердің бірі. Жарты жылдың ішінде аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 44 миллион теңгеге жетіп, ірі қара саны 4 процентке өсті. Жиынға қатысқан сарапшылар пайымынша, өңірде мал тұқымын асылдандыру, өнімнің экспорттық әлеуетін көтеру, етті терең қайта өңдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік мол. «Еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін жыл сайын 100 миллиард теңге қаржы бағытталады. «Бұл ретте шаруалардың осынау қаражатты тиімді игеруді үйренуі маңызды», – дейді мамандар.

Род Гилфорд, экспорттық компания президенті:

– Қазақстандық кәсіпкерлер Канада еліндегі мал шаруашылығы технологиясын енгізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге бола ма деп жиі сұрайды. Мен оларға ешқандай қиындық жоқ деп жауап беремін. Күні кеше ғана Президент өз жолдауында аталған салада жаңаша жұмыс істеу тәсілдерін енгізу қажеттігін атап өтті. Сондықтан егер өнімдерін эспортқа шығарса, ұтылмасы анық.

Әлия Ахметәлиева, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

– Негізінен шаруа қожалықтарының басшылары қатысуда. Оның ішінде тұқымды таңдау, БҚО-да өсірілетін қазақтың ақбас тұқымы, герефорд, абердин ангус тұқымы, қалмақ тұқымы туралы жалпы мәлімет бердік. Соның ішінде тауарлық шаруашылықтарда қандай «Сыбаға» бағдарламасында қолданылатын аталық бұқалар туралы мәлімет берілді.

Хабар 24 телеарнасы