366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ елімізбен инновациялық салада ынтымақ орнатуға ниетті

  • 133
  • UPD: 08:01, 10.10.2018

Қазақстан экономикасына 42 миллиард доллардан астам қаржы құйған АҚШ еліміздегі ең ірі инвестор.

Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард долларға жеткен. Енді АҚШ-тың іскер топтары жаңа инновациялық салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті. Құрамында министрлері мен ірі компаниялардың басшылары бар делегация Астанаға арнайы келмек. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов хабарлады. Қазір Қазақстанда 500-ден аса америкалық компания жұмыс істеп тұр. Олардың алтауы Қазақстан Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесіне мүше. 

Арыстан Қабыкенов, ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі:

- Америкалық компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Егер Лондонда біз негізінен қаржылық компаниялардың ынтасын байқасақ, АҚШ-та жоғары технологияларға басымдық беріп отыр. Америкалықтар цифрлық Қазақстан және көлік логистикасы саласындағы жобаларға қатты қызығып отыр.  Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қосылғысы келеді. АҚШ іскерлік топтары венчур қорлары, инновациялар мен Ай-Ти жобаларын құруға ықылас білдірген.

Хабар 24 телеарнасы