366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екатеринбургте Ресей-Қазақстан іскерлік форумы өтеді

  • 102
  • UPD: 08:03, 10.10.2018

Екатеринбургте 16 қазанда Ресей-Қазақстан іскерлік форумы өтеді. Аталған шараны Орал сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Қазақстан сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады.

Түрлі сала өкілдері бұл басқосуда Би-Ту-Би форматында кездесулер өткізеді. Жалпы, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайту қос ел экономикаларының дамуына дем беріп, Жібек Жолы экономикалық белдеуі секілді ірі жобаларды жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Андрей Быстрицкий, «Валдай» халықаралық клубы кеңесінің төрағасы:

- Еуразиялық кеңістікте қарқынды экономикалық процестер жүріп жатыр. Жібек Жолы экономикалық белдеуі секілді ірі жобалар Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа тәуелді. Еуразиялық экономикалық одақтағы осы екі мемлекеттің маңызы зор. Нақты сандарға жүгінсек, Ресеймен тауар айналымы бойынша Қазақстан екінші орында тұр. Ол Украинадан да озып кеткен. Елдеріміз арасындағы сауда белсенді жүріп жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, бірлескен жобалардың саны 10 мыңға жетеді.

Хабар 24 телеарнасы