366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу биржасы KASE-нің акцияларын сатып алады

  • 103
  • UPD: 15:03, 10.10.2018

Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасының 20 пайыз акциясына дейін сатып алатын болды.

Мұндай келісімге бүгін екі биржа арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартты бекіткен соң қол жетіп отыр.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Әуелі бүгінгі келісім-шарттың әлқиссасынан бастайық. Екі биржа осы жылдың 10-шы сәуірінде Стратегиялық әріптестік орнатуға ниетті екендерін жариялаған еді. Ал 26-шы қыркүйек күні KASE-нің Директорлар кеңесі мұндай ынтымақтастықты мақұлдайтындарын білдірген. Бүгін міне Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасының басшылары Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды. 

- Ұлан, сатылатын акциядардан басқа уағдалыстықтың тағы қандай шарттары бар?

- Біріншіден, саудаға қатысушы инвесторлар, қазақстандық және ресейлік ойыншылар үшін Қазақстан мен Ресейдің биржа нарығына қатысуға мүмкіндік арта түседі. Екіншіден, KASE Мәскеу биржасының сауда-клирингтік технологияларына ие болады. MOEX Қазақстан қор биржасының бизнесін дамыту үшін стратегиялық консалтинг жағынан көмектеседі. Және де екі биржаға да халықаралық инвесторларды тарту бойынша ортақ жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ мамандардың айтуынша бүгінгі келісім-шарт Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыруға септігін тигізбек.

- Мәскеу биржасының көлемі жөнінде қандай ақпарат бар? 

Ол жайында да айта кетейін. Мәскеу биржасы саудаланатын акцияларының жиынтық капиталы бойынша әлемдегі үздік 25 қор нарығының құрамында. 2018 жылдың бірінші сәуіріндегі мәліметке сүйенсек Мәскеу биржасына 664 эмитент өзінің құнды қағаздарын орналастырған. Бүгінгі келісім-шарттан кейін MOEX Қазақстан қор биржасының 54-акционері атанып отыр. Айта кететін жәйт, KASE-нің ең ірі акциоенері ол еліміздің Ұлттық Банкі. Ұлттық Банк  KASE-нің 50 пайыздан астам акциясына ие. Еліміздің құнды қағаздар нарығындағы сауда көлемі бірінші жарты жылдықта 2,3 есе өскен екен.

Хабар 24 телеарнасы