360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

  • 163
  • UPD: 23:39, 10.10.2018
Мұнай саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

Мұнай бағасының өсімі мен Қазақстандағы мұнай өндіруші операторлардың ауқымды даму жобасы салалық компаниялар жұмысына жаңа серпін бермек, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Осы орайда Елбасы жолдауында белгіленген жергілікті кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі тапсырмасы да мұнай өндіру қызметінің ілгерлеуіне септігін тигізеді. Бұл туралы Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының басшылары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. Елбасының өнеркәсіп жобаларын іске асыруға тікелей инвестициалар қорын құру туралы ұсынысы отандық кәсіпкерлердің үлкен қолдауына ие болды. Жалпы, мұнай-сервистік қызметінің қаржылық айналымы жылына 8 млрд долларды құрап отыр. Ал бұл саладағы қазақстандық компаниялардың үлесі тек 50 процент мөлшерінде ғана.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай сервистік компаниялары Одағының төралқа төрағасы:

- Қазіргі таңда айналымдағы қаражатты толықтыру үшін банктердің мұнай-сервистік компанияларын өтімділік тұсын ұсына алмайтындығын көруге болады. Кейбір тендерлар ондаған және жүздеген миллион долларды құрайды. Еркін айналымы бар отандық компаниялардың аз екені белгілі. Аталмыш тапсырма экономиканың осы секторын жаңғыртуға септігін тигізеді деп сеніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы