366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақша аударымдарын электронды жүргізетіндер саны 60% артуы мүмкін

  • 105
  • UPD: 23:38, 10.10.2018
Ақша аударымдарын электронды жүргізетіндер саны 60% артуы мүмкін

Биыл Елбасы өз жолдауында алдағы үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды 40 процентке азайту туралы пәрмен берді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Тапсырманы тиянақты орындау үшін үкімет құмбыл іске кірісті, тиісті қадамдар жасады. Ақша айналымын ашық жүргізуді қолға алу мақсатында қолма-қол айырбастан алыстауға бағытталған іс-шаралар қабылданбақ. Яғни банк карталары арқылы төлем жасағандарға бонустар түседі. Ал қолма-қол сауда жасалған жағдайда чек алуды сұрайды. Сол чектермен ұтыс ойындар ойнату арқылы тұтынушының чек сұрау белсенділігін арттымақ. Егер осы жұмыстар сәтті жүзеге асатын болса, ақша аударымдарын электронды жүргізетіндердің саны 60% көбейеді. Жалдамалы жұмысшыларды ресми тіркеу 3-4 есе артады. Сауда дүкендерінің айналымын 19% көбейеді.

Көлеңкелі экономиканың көлемін азайту (2019-2021 жж.):

электронды ақша айырбасын 60% жеткізу

жалдамалы жұмысшыларды ресми тіркеуді 3-4 есе көбейту

дүкендердің айналымын 19% арттыру.

Хабар 24 телеарнасы