360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу биржасы KASE-нің 20 пайыз акциясына дейін сатып алатын болды

  • 507
  • UPD: 23:39, 10.10.2018

Бүгін Алматыда Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Осы келісімнің аясында Мәскеу биржасы KASE-нің 20 пайыз акциясына дейін сатып алатын болды. Құжат инвесторлардың, Қазақстан және Ресей өкілдерінің екі елдің қор нарығында еркін жұмыс істеуіне жол ашады. Сонымен қатар KASE Мәскеу биржасының сауда-клирингтік технологияларына ие болады. Mәскеу биржасы Қазақстан қор биржасының бизнесін дамыту үшін стратегиялық консалтинг жағынан да көмектесуге ниетті. Бұған қоса бүгінгі келісім капитал мен қызметтің де еркін айналымының дамуына септігін тигізеді.  

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Мәскеу биржасын сенімді әрі стратегиялық әріптес деп білеміз. Алда екі елдің экономикаларына пайдасын тигізетін талай жобалар бар. Құнды қағаздар мен корпоративті эмитенттер саласына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл сектордың әлеуеті мол деп есептеймін.

Александр Афанасьев, Мәскеу биржасының басқарма төрағасы:     

- Біз өзіміздің тәжірибемізбен және жаңа технологияларымызбен бөлісуге дайынбыз. Өзіміздің азаматтарды қор нарығына тарту үшін көп жұмыс істедік. Нәтижесінде ішкі сұраныс та арта бастады. Мысалы, тұрғындардың активтері мен жинақтарындағы құнды қағаздардың үлесі екі есеге өсіп отыр. Қазір біздің биржада шетелдік қатысушылардың саны көбейіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы