360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында тартылған ұнның 70 пайызы шет елдерге экспортталады

  • 135
Қарағанды облысында тартылған ұнның 70 пайызы шет елдерге экспортталады

2017 жылы Қарағанды облысында вагондар тапшылығынан шет елге экспортталатын 65 пайыз өнім сыртқа шықпай қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көкейкесті мәселе кәсіпкерлер палатасында ұн тартушы кәсіпорындар мен Қазақстан теміржолы өкілдері арасында талқыланып, шешімі табылды. Биыл облыста 500 мың тонна ұн тартылып, оның 70 пайызға жуығы шет елдерге жолданады. Ал 30 пайызы елде қалады. Диірменшілердің биыл аймақта жаңбырлы күндер көп болғандықтан, егін орағы кеш басталып, экспорттық операциялар енді ұйымдастырылып жатқанын айтады. Қазір облыста 114 вагон шет елдерге тиеліп, дайын тұр. Келесі аптада бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаймақ.

Дос-Мұқасан Тәукебаев, облыстық диірменшілер қауымдастығы басшының м. а:

– Қарағанды облысының егінді алқап еместігін алға тартып, ұн тиейтін вагондарды солтүстік облыстарға, Ақмола, Қостанайға алып кеткендіктен, бізде вагон тапшылығы болды. Қазақстан теміржолы басшылары уақытында вагондармен қамтамасыз ететіндерін айтып, сөз берді.

Хабар 24 телеарнасы