366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметте республикалық бюджет қайта қаралды

  • 83
  • UPD: 15:12, 11.10.2018
Үкіметте республикалық бюджет қайта қаралды

Шымкент пен Түркістанның жаңа статусына байланысты республикалық бюджет қайта қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет 2018-2020 жылдарға арналған ел бюджетінің нақтыланған жобасын Мәжіліске ұсынды. Осылайша, шырайлы шаһардың республикалық маңызы бар қалаға айналғаннан кейін осы жылы Түркістан облысының қазынасынан Шымкенттің әрі қарай дамуына 15 млрд теңге бағытталмақ. Сондай-ақ жаңа өзгерістерге сәйкес, ел бюджетінің шығыны 9 трлн 656 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп болжанып отыр. Ал 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында мұнай бағасы биыл 55-тен 60 долларға дейін артты.

Хабар 24 телеарнасы