366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тунахан Кузу: Жолдау – ел ауқатын көтеруге бағытталған бағдарлама

  • 142
  • UPD: 15:09, 12.10.2018
Тунахан Кузу: Жолдау – ел ауқатын көтеруге бағытталған бағдарлама

Әлеуметке бағытталған Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында Қазақстан экономикасының өсімін одан әрі арттыруға және инвесторлардың жұмысына қолайлы жағдай жасауға толық мүмкіндіктер бар.

Осындай пікірді Нидерланд парламентінің депутаты Тунахан Кузу білдірген. Ел дамуының жоспары әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталуы керек деп санайды депутат. 

Тунахан Кузу, Нидерланд Парламентінің депутаты:

- Президенттің Қазақстан халқына жасаған үндеуінде қызықтыратын тұстар көп. Арасындағы ең маңыздылардың бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі. Сіздің елдің осы сала көрсеткіштерін екі жарым есе өсіруге жақсы мүмкіндіктеріңіз бар. Нидерланд бұл бағытта инновациялық технологияларға ие. Сондықтан тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бұл нидерландтық инвесторларға және қазақстандық шаруаларға да қосымша мүмкіндіктер ашып, екі ел үшін де тиімді болмақ. 

Хабар 24 телеарнасы