366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық экспорттаушыларды қолдау күшейтіледі

  • 87
Отандық экспорттаушыларды қолдау күшейтіледі

Биыл индустрияландыру картасы аясында елімізде 110 жоба іске қосылады.

Бұл мәліметті депутат Альберт Рау Мәжіліс қабырғасында жариялады. Айтуынша, бұл кәсіпорындарды ашу үшін 5 миллиард 600 миллион теңге қаражат бөлінеді. Естеріңізге сала кетейік, Президент халыққа Жолдауында отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында 500 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Депутаттар бұл қаражат тек ірі компанияларға емес, шағын және орта бизнес өкілдеріне де берілетінін айтады.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіпкерлер өз тауарын экспортқа жіберуге талпынуы тиіс. Біз оларға жәрдем беруіміз керек. Қазір бизнес өкілдеріне несие алуға барлық мүмкіндік жасалған. Олардың тауарын шетелде насихаттауға кететін шығындар субсидияланады. Бұл мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланған жөн.

Хабар 24 телеарнасы