360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Бурабайға 1 млн-ға жуық турист келген

  • 136
  • UPD: 22:27, 12.10.2018

Туризм саласы еліміздің жалпы ішкі өнімінде қазір небәрі 1 пайыз үлес алып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 8 процентке жетуі тиіс.

Бүгін Бурабай баурайында өткен Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысында осы міндетті орындаудың жай-жапсары қаралды. Сосын жиналғандар Елбасының Жолдауда жүктеген міндеттеріне жеке-жеке тоқталды.

Қазақстанның мақтанышы Бурабайға биыл 1 млн-ға жуық турист келді. Алдағы жылдары қонақтар саны көбейеді деген болжам бар. Сондықтан мұнда тағы «Ақ Бура» және «Бурабай» атты екі үлкен курорт салынады. «Оған қоса, басқа да мүмкіндіктерді қарастыру керек», – дейді мамандар.

Рашид Күзембаев, «Kazakh tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

– Ақмола облысының әкімдігі мұнда инфрақұрылым тарту үшін біраз қаражат бөлді. Көптеген туристік нысан салынып жатыр. Ал мұның барлығы жеке инвесторларды тартуға жол ашады.

Бурабайда туризмді мейлінше дамыту үшін әрі туристерді де көптеп тарту үшін соңғы жылдары республикалық, тіпті халықаралық, әлемдік айтулы  іс-шаралар өткізіліп келеді. Ал курортты аймақты дамытуға Үкімет тарапынан бөлініп отырған қаржы мен қамқорлық айрықша. Бірақ ең бастысы, қызмет көрсету сапасы ақсамау керек.

Айта кетейік, бүгінде сала мамандары еліміздің туристік тартымдылығын арттыру үшін қазақстандық бренд жасауға күш салуда. Одан бөлек, туризмге кадр даярлау мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы