366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 600 кәсіпорынның салықтан өсімақысы кешіріледі

  • 77
  • UPD: 09:52, 13.10.2018
Маңғыстау облысында 600 кәсіпорынның салықтан өсімақысы кешіріледі

Салық амнистиясына бір ғана Маңғыстау облысынан 600 кәсіпорын ілігеді екен. Қазір жауапты мамандар қолдау көрсетілетін шағын және орта бизнес нысандарының тізімін жасауға кірісті.

Бұл бағытта жергілікті мемлекеттік кірістер департаменті мен кәсіпкерлік және сауда басқармасы аудан-қала әкімдіктерімен бірлесе шағын және орта бизнес нысандарымен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Айта кетейік, өңір кәсіпкерлері құзырлы мекемелер қолдауын іс жүзінде сезініп келеді. Мәселен, Ақтаудағы өкілетті орган 16 шағын және орта бизнеспен әріптестік келісімге қол қойған. Құжат негізінде кәсіпкерлік жобасының еш кедергісіз жүзеге асуы бақылауға алынған. Қиындықтар туындаса, заң жүзінде шешілуіне араласады.

Нұрбек Қарасаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге бизнестің мойнына ілінген айыппұлдардың бәріне амнистия жарияланды. Шағын және орта бизнес өкілдерінің мойнындағы бүгінгі күнгі айналымының үстіне тағылған айыппұлдың бағасы өте көп. Сондықтан мына айыппұлдарды алатын болсақ, ол қолын босатып, ары қарай жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді деген сөз. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.

Хабар 24 телеарнасы