366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электронды төлем жүйесі сауда айналымын арттырады

  • 76
  • UPD: 10:33, 13.10.2018

Қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту, дүкендердің айналымын 19 пайызға көбейтеді. Бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары Салтанат Каменова мәлімдеді.

Сондықтан алдағы уақытта сауда нарығында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 60 пайызға өседі. Бұл транзакцияларды орындау кезінде шығындарды азайтады. Сарапшылардың айтуынша, экономиканың өсімі төлем жүйесінің қолма-қол емес түрімен тікелей байланысты.

Салтанат Каменова, кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары:

- Мемлекет тарапынан қосымша шаралар қабылдануы керек. Ең әуелі кәсіпкерлер мен тұтынушылардың қаржылық сауатын арттыру маңызды. Қолма-қол ақшасыз сауда жасайтын мобильді қосымшалардың іске қосып, халықты ынталандыруымыз керек. Осындай шаралар қолма-қол ақшасыз жүйеге жеңіл көшуімізге мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшасыз жүйені дамыту үшін әлемде нақты ақшамен сауда жасауды қиындатып қойған. Бүгінде мұндай тәсіл Германия, Израиль, және Италия елдерінде енгізілген. Оған қоса шағын және орта бизнестің қолма-қол емес ақша айналымына көшіру үшін инкассация қызметі тегін көрсетіледі. Одан бөлек түрлі жеңілдіктер қарастырылып, аударымдар үшін бонустар беріледі.

Салтанат Каменова, кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары:

- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әлемде кең тараған. Тіпті осы жүйеге көшкен елдердің үздіктерін анықтайтын рейтинг бар. Солтүстіктегі көршіміз Ресей осы рейтінгіде үздік ондыққа енеді. Сондай-ақ үздік ондықтың ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, елдері бар. Бұл елдерде қолма-қол ақшасыз жүйеге көшу үшін түрлы ынталандыру шаралары қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы