366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ең төменгі жалақының артуы экономика катализаторына айналады

  • 77
  • UPD: 13:42, 13.10.2018
Ең төменгі жалақының артуы экономика катализаторына айналады

Жаңа жылдан бастап Қазақстанның ең төменгі жалақысы өзгереді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ол 1 жарым есеге артып, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өседі.

Осылайша өзгерістер барлық секторларда, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамға әсер етеді. Бұл өсім бюджет ұйымдарының 275 мың қызметкерін қамтиды, олардың жалақысы орта есеппен 35% -ға өседі. Осы мақсаттарда республикалық бюджеттен алдағы үш жылда әрқайсысына 96 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар ең төменгі жалақы күнкөріс деңгейіне байланысты болмайды. Және оның жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымында жалақының өсуі үшін катализатор болады.

Хабар 24 телеарнасы