366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі көлеңкелі экономика үлесі ЖІӨ-нің 26 пайызын құрайды

  • 76
  • UPD: 14:49, 13.10.2018

Ресми мәліметтер бойынша еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлесі ішкі жалпы өнімнің 26 пайызын құрайды.

Ал нақты ақшаға салып есептегенде ол 14 триллион теңгеге жуық қаражат. Алматылық экономист Мақсат Халықтың айтуынша, осы қаржыға еліміздегі баспана тапшылығы мәселесін шешуге болар еді.

Мақсат Халық, экономист:

- 14 триллион теңге ол аз қаражат емес. Нақты егер есеп жүргізетін болсақ мысалмен айтқанда 10 млн теңгеге 1 пәтер сатып алуға болады. Осы қаражатқа 1, 5 млн пәтер сатып алуға болады деген сөз.

Күнделікті сауда-саттық пен қызмет көрсету саласында негізінен қолма-қол ақшамен есеп айырысу басым. Сарапшылар есебінше еліміздегі халықтың тек 7 пайызы ғана электронды төлем жүйелерін қолданады.

Шавкат Сабыров, Қазақстанның интернет қауымдастығының төрағасы:

- Статистикаға сәйкес еліміздегі интернет саудасынан бюджетке түсетін табыс көлемі 35% жетті. Бұл ең алдымен адамдардың есеп айырысуда электрондық төлемдерді таңдауына байланысты болып отыр. Электрондық төлемнің артықшылығын халық сезінді. Ол уақыт пен қаржыны үнемдейді.

Егер бұл жүйенің ауқымы ұлғайып, халық төлем карталарын жиі қолдануды дағдыға айналдырса ең алдымен бюджет тапшылығы болмайды. Мемлекеттік кіріс артып, бюджеттік сала мамандарының да жалақысының артуына ықпал етеді.

Мақсат Халық, экономист:

- Көлеңкедегі ақшаны шығаратын болсақ теңге құнсызданбайды. Азық-түлік бағасы ертеңгі күні артынан қуалап өспейді. Ал неге қазір жалақыны өсіреді есесіне бірден азық-түлік, басқа заттар қымбаттайды. Себебі ол басылған ақша. Ұлттық банк басып шығарады. Ақшаның массасы артқаннан кейін ол құнсызданады. Осы мәселеде карточкалық жүйе өз пайдасымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер өз төлем карталарына «КешБэк» жүйесін енгізген. Яғни картамен төлем жасағанда белгілі сыйақы, яғни бонустар қайтады. Бұған шоттағы қаржы қауіпсіздігі де ескеріледі. Қазір Ұлттық банк блокчейн технологиясын енгізіп жатыр. Ол қаржыны кибершабуылдардан қорғауды қамтамысыз етеді екен.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы