360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалақының өсуі тұтынушылық қабілетті арттырады

  • 127
  • UPD: 15:27, 13.10.2018

Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есе артады. Сөйтіп қазіргі 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өседі.

Осы Жолдауында Президент пәрмен берді. Үкімет оны келер жылдың қаңтарында жүзеге асырады.

Ең төменгі жалақы мөлшері өсетін болды. 28 мыңнан 42 мың теңгеге. Демек, 1,5 есеге дейін артады. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды делінген Мемлекет басшысының жолдауында.

Талғат Жаминов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті:

- Сіздің табыстан бұрын 28 мың теңгеден салық алынған болса, енді 42 мыңнан алынады. Салығы төленген табыс төмендейтіні анық. Алайда қолыңызға қосымша қаржы түсті ғой. Оған әлгі Елбасы ұсынған бастаманы қолданса ше. Мемлекет басшысының бастамасымен жалдамалы жұмысшыларға арналған жаңа салық ставкасын енгізсе, яғни он проценттің орнына бір процент. Бұл шын мәнінде құптарлық іс.

Жалақы өсімі ел экономикасына да оң әсер етеді. Қарапайым арифметика - халық көп қызметтерді сатып алып,тұтынатын болады. Сонымен қатар жинақ қорын арттыруға да ыңғайлы.

Генриетта Строева, ЭЗИ сарапшысы:

- Бұл халықтың төлем қабілеттілігінің өсуіне, ішкі сұраныстың ұлғаюына және көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға мультипликативті әсер бар. Нәтижесінде инфляциялық ахуал байқалса, еліміздің жалпы ішкі өнімнің өсуі күтіледі.

Ал жалақыны арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын үш жыл ішінде әрқайсысы 96 млрд теңге бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы