366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстанда орта бизнес үлесін арттыру маңызды

  • 71
Сарапшы: Қазақстанда орта бизнес үлесін арттыру маңызды

Елімізде орта бизнес үлесін арттыру маңызды. Себебі 2014 жылдан бері оның үлесі айтарлықтай төмендеген.

Бұл туралы сарапшы Бекжан Садықов мәлімдеді. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бұған оң ықпал етуі тиіс. Жаңа жоба бойынша жеңіл өнеркәсіпті дамытуға да ден қою көзделген. Жалпы бүгінде елімізде кәсіп ашу үрдісі дұрыс жолға қойылып отыр. «Тек қаржыландыру механизмін қайта қарастыру қажет», – деді маман.

Бекжан Садықов, сарапшы:

– Бағдарламаны әрі қарай жалғастыру шағын және орта бизнесті нығайтуға жол ашады. Жалпы елімізде шағын бизнестің өзінен халықты жұмыспен қамту 24 пайызға артқан. Меніңше, экспорттық әлеуеті бар салаларды дамытуға үлкен көңіл бөлу керек. Оны қаржыландырудың механизмін қайта қарастырған жөн. 2013 жылдан бері орта бизнестің үлесі 4,6 пайызға төмендеп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы