366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Өңдеу өнеркәсібі - экономика тірегі

  • 112
Сарапшы: Өңдеу өнеркәсібі - экономика тірегі

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы ел экономикасына тың серпін береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сарапшы Динара Арысбекованың пікірі. Бүгінде бағдарламаны жүзеге асыруға 30 млрд теңге қарастырылып отыр. Оған 4000 жоба қаржыландырылады. Нәтижесінде елімізде 22000 жаңа жұмыс орны пайда болады. Ал бюджет 200 млрд теңге салықтың әсерінен толыға түседі. Сарапшының пайымынша, кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдаулар үлесі арта береді. Бүгінде 2800 шағын және орта бизнестің менеджерлері оқыту процесіне қатысты. Кәсіпкерлер алдында қолға алғалы отырған бизнесінің ел экономикасына тиімділігіне аса мән беру міндеті тұр.

Динара Арысбекова, Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы:

– Бизнесті дамыту үшін үлкен көңіл бөліп жатыр. Елбасы өз Жолдауында да өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөлу керектігін алға тартты. Егер өңдеу өнеркәсібіне тиісті көңіл бөлсек, біздің орта бизнесіміздің дамуына үлкен ықпал болады.

Хабар 24 телеарнасы