389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

  • 606
  • UPD: 23:20, 15.10.2018
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Данияр Ақышев мәлімдеді. Банк төрағасы базалық мөлшерлемені көтеру аяқасты, тез жасалған шешім емес деп атап өтті. Бұлай жасауға бірнеше фактор әсер еткен. Мәселен, тамыз-қыркүйек айларында теңгенің айырбас бағамының құбылмалылығына байланысты инфляциялық өсімдер байқалған. Сондай-ақ ішкі сұраныс артып, тұтынушылық мақсаттағы несиелер көлемі артқан. Данияр Ақышевтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңге активтеріне сұранысты арттырады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

– Біз базалық мөлшерлеменің өзгерісі депозиттерге әсер етпейді деп санаймыз. Бұл көрсеткіштер нарықтық өзгерістерді есепке ала отырып жасалған.

Хабар 24 телеарнасы