385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жекешелендіру үдерісі басталғаннан бері 444 нысан сатылды

  • 550
  • UPD: 12:01, 16.10.2018

Биыл еліміздегі жекешелендіру үдерісінің 2-кезеңі өз мәресіне жетеді. Қалған 2 айда 68 кәсіпорын сатуға шығарылуы тиіс.

2014 жылдан бері жүргізілген процестің нәтижелері қандай? Кемшін тұстары болды ма?

Елімізде жекешелендіру үдерісі басталғаннан бері барлығы 444 нысан сатылды. Олардың жалпы құны 253 миллиард теңгені құрады. Үкімет жекешелендіруді жүргізуге ерекше басымдық беріп отыр. Себебі, ел экономикасының қарқынын арттыру үшін мемлекеттің меншігіндегі компаниялар санын біршама қысқарту қажет. Қазір бұл көрсеткіш 55 пайызға тең. 

Сапарбай Жұбаев, экономист:

- Егер біз 55 пайыздық ЖІӨ мемлекеттік меншікті жекешелендірмесек, біз шағын бизнесті 25-40 пайызға жеткізуге мүмкіндік жоқ. 30 дамыған мемлекеттің ішіне қосыламыз дейміз ғой. Біз қаншалықты дамымай отырмыз көбірек экономикамызды дамытпай ақ, мемлекет меншігін 15-17 пайызға төмендетпесек, қабылдамайды да. Мемлекеттер бар, мүмкіндігі үлкен, бірақ, дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмайды. 

Биыл 2014 жылы бастау алған науқан өз мәресіне жетеді. Осы уақыт аралығында сатылымға шығарылған бірқатар компанияға сұраныс тым жоғары болса, кейбіреулері мүлдем аукционнан өтпей қалды. Электронды сауда алаңында заң бұзып, жекешелендіруге кедергі жасалынған жағдайлар да аз емес.

Жанасыл Оспанов, «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша нысан сатылымға 100 пайыз дайын деп беріледі. Алайда кәсіпорынды сататын әкімдіктер оның 75 пайызын ғана аукционға шығарады. Яғни жергілікті атқарушы органдар сол нысанның белгілі бір бөлігін сақтап қалғысы келеді. Салдарынан біздегі ақпарат жалған болып шығады. Ол заң бұзушылық. Яғни сатылымға шығарылған кәсіпорын мемлекет қарамағында қалмауы тиіс. 

Бүгінгі таңда жекешелендіру үдерісінде Алматы қаласы көш бастап келеді. Мұнда 5 жыл ішінде 59 нысан сатылды. Алайда астаналық кәсіпорындар басқаларға қарағанда әлдеқайда қымбат болып шықты. Мұнда жеке меншікке берілген объектілердің құны 81 миллиард теңгеден асты. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы