384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы тапшылығы жекешелендіруге қатысуға кедергі болды

  • 296
  • UPD: 13:43, 16.10.2018
Қаржы тапшылығы жекешелендіруге қатысуға кедергі болды

Ел экономикасында қаржы жетіспеушілігі сезіліп тұр. Отандық экономист Қайырбек Арыстанбековтың пікірі осыған саяды.

Оның айтуынша, қалыптасқан жағдай жекешелендіру үдерісіне де зиянын келтіруде. Ақша тапшылығы салдарынан көптеген кәсіпкер бұл науқанға толыққанды қатыса алмай, шетте қалды. Ал жекешелендіруге қатысамын деген шетелдіктер санын керісінше шектеу керек екен. Оларға тек экономиканың осал салаларын дамытуға ғана рұқсат берген жөн.

Қайырбек Арыстанбеков, экономист: 

- Мемлекеттік макроэкономикалық деңгейде жекешелендіруге байланысты тактикалық маневр дұрыс сәйкес келмейді. Шетелге назар салсақ, ақша ұсынысы деген агрегат бар мемлекеттің қолында. Сол бізде экономиканың салмағы ақша ұсыныс барынша шектелген. Ақша жетіспейтін жағдайда жекешелендіру жүріп жатыр. Шетелдік тәжірибеге келетін болсақ, жекешелендіру үдерісі сол жекешелендіруге қатысатын экономикалық субъектілерінің ақша жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы