386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда теңгемен депозит ашатындар саны өсті

  • 434
  • UPD: 11:41, 17.10.2018
Қазақстанда теңгемен депозит ашатындар саны өсті Sputniknews.kz.

Биыл ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1%-ды құрады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 8 айында депозиттер 1%-ға, яғни 17,7 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1%-ды немесе 380 млрд теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 2,5%-ға, 210 млрд теңгеге төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларландыруы 46%-ға азайды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша максималдық ставкалардың анықтау тәсілі өзгерді. Ставкалар мерзім және салым түрі бойынша ерекшеленеді.

Айта кетейік, жалпы отырыста «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Биылғы жылы инфляция 5-7%-дық мақсатты дәлізде қалады. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері валюта нарығында теңге бағамы 10,4%-ға әлсірегені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы