386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Қазақстан экономикасын зерттеу орталығы ашылды

  • 572
  • UPD: 20:56, 17.10.2018

Ханчжоу қаласындағы Чжэциян қаржы және экономика университетінің қабырғасынан ашылған мекеме Астана халықаралық қаржы орталығымен әріптестік байланысты арттыру бағытында жұмыс істемек.

Атап айтсақ, құнды қағаз нарығын дамыту және нақты бағдарламалар жоспарлаумен айналысады. Сонымен қатар екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты арттыру, цифрлы экономика саласындағы бірлескен жобалар, блокчейн-технологиясы, электронды сауда-саттықты дамытуға да күш салғалы отыр. Бұл Қытай елінде ашылған Бейжің, Шанхай, Дальян, Сиянь қалаларынан кейінгі бесінші орталық.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Кеңесшісі:

- Сол Жолдау аясында Елбасы қазақстандық жоғары білімді жаңа сапаға көтеруге, Қазақстандағы университеттерді іріктеуге, сонымен қатар әлемнің биік-биік ғылыми зерттеу орталықтарымен және университеттерімен түйістіру туралы үлкен тапсырма қойды. Чжэциян қаржы-экономика университеті Қытайда «211» бағдарламасына кіретін басты 100 университеттің біреуі.

Хабар 24 телеарнасы