378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдауда белгіленген міндеттер экономиканың бәсекеге қабілетін арттырады

  • 337
  • UPD: 07:09, 19.10.2018
Жолдауда белгіленген міндеттер экономиканың бәсекеге қабілетін арттырады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында белгіленген міндеттер экономиканың бәсекеге қабілеттігін артыруға септігін тигізеді.

Сеулде өтіп жатқан халықаралық технологиялық форумға қатысушылар осындай қорытындыға келді. Форумда елшіліктің инвестициялар бойынша арнайы кеңесшісі баяндама жасады. Олжас Раев елімізде ғылыми зерттеулер мен талдамалардың дамуы туралы айтып берді. ЮНЕСКО-ның мәліметінше, Қазақстанда бұл мақсатқа Жалпы ішкі өнімінің 0,2% жұмсалып жүр. Бұл шамамен 718 миллион доллар көлеміндегі қаражат. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы бес жылда ағарту, ғылым мен денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржыны Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін арттыру жөнінде үкіметке берген тапсырмасы бұл жағдайды күрт өзгертетін түрі бар. Форум барысында Кореяның ғылыми және технологиялық ақпарат институтының президенті Қазақстанға ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық жүйесін бірлесіп құруды ұсынған. Оңтүстік Корея ғылым мен ноу-хауға бөлетін қаржы бойынша әлемде көш бастап тұрған елдердің бірі. Бұл мақсатқа Жалпы ішкі өнімінің  4,3%, яғни 73 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды.          

Олжас Раев, Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің инвестициялар бойынша арнайы кеңесшісі: 

- Қазір бізде жаңа жоспар бар. Жақында Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында ағарту, ғылым мен денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржыны Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізу міндетін үкіметке қойған.

Чой Хи Юн, Кореяның ғылыми және технологиялық ақпарат институтының президенті:

- Жыл сайын институтымыз келіссөздер өткізетін және Корея мен шетелде ғылыми зерттеулер туралы мәліметпен таныстыратын алаң құрып жүр. Биыл Коста-Рикада ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін жасаудың негізі қаланды. Осы үлгіде Қазақстанмен ынтымақтастығымызды белсенді түрде нығайтамыз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы