384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G-Global делегациясы қытайлық кәсіпкерлермен кездесті

  • 407
G-Global делегациясы қытайлық кәсіпкерлермен кездесті

Қытайдың Чжанцзяцзе қаласында Жібек жолы бизнес саммиті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны ұйымдастырушылардың бірі – G-Global халықаралық хатшылығы. Жиын қорытындысы бойынша, «Жібек жолы бойындағы қалалар әкімінің» және «Өлке басшыларының» қауымдастығы құрылды. Ұсыныс Астанада өткен «Жаһандық жібек жолы» форумында айтылған болатын. Бұл туралы G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде Жібек жолының Халықаралық ғылыми академиясы жұмыс істейді. Бұдан бөлек іскер топ өкілдерінің қауымдастығы құрылған. Сонымен қатар «Жібек жолы» сауда палатасы деп аталатын қауымдастық бар. Оған 76 мемлекеттің бизнес өкілі кіріп отыр. Енді медицина, мәдениет, экология сияқты түрлі сала мамандарының басын қосу жоспарланған. Сонымен қатар G-Global халықаралық хатшылығының делегациясы Бейжіңде қытайлық кәсіпкерлермен кездесті. Оларға «Цифрлы Жібек жолы» жобасын таныстырды.

Серік Нөгербеков, G-Global халықаралық хатшылығының басшысы:

– G-Global жобасы туралы айтып, насихат жүргізіп, жұмыс жасап жатырмыз. Екіншіден «Цифрлы Жібек жолы» жобасын жүзеге асырудамыз. Осыған орай қытайлық іскер адамдарды әріптестікке шақырудамыз.

Хабар 24 телеарнасы