388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде 22,5 мыңнан астам көлік жасап шығарылды

  • 583
  • UPD: 17:29, 23.10.2018

Биыл елімізде 22 мың 700 көлік құралы шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артық.

Отандық зауыттар әсіресе, жеңіл көлік өндірісін едәуір ұлғайтып отыр. Ал автобус және жүк көліктерін құрастыру көлемі керісінше қысқарған. Дегенмен, жалпы көрсеткіште олардың үлесі көп емес. Себебі, қазақстандық автоөндірушілер көбіне жеңіл көлік өндірісіне көңіл бөледі. Мамандардың айтуынша, ішкі нарықта отандық өнімдерге сұраныс артқан. Биылғы 9 айда ел азаматтары жергілікті темір тұлпарларды сатып алуға 120 миллиард теңге жұмсады. Айта кетейік, жеңілдетілген несие мемлекеттік бағдарламасы асында 3 мыңға тарта көлік сатылды. Сондай-ақ ескірген темір тұлпарларды өткізіп, оның орнына жаңасын сатып алуға мүмкіндік беретін 11 мың сертификат берілді.

Олег Алферов, «ҚазАвтоӨнеркәсіп» АСК одағының басқарма төрағасы:

- Соңғы 3 ай қазақстандық көлік өндірісінің қайта қалпына келу кезеңі болды. Яғни 7-тоқсан қатарынан отандық зауыттардың әлеуеті артып келеді. Сала еліміздің жалпы ішкі өніміне 141 миллиард теңге қосты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайызға көп.

Хабар 24 телеарнасы