378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге инвестиция салудан Нидерланд көш бастады

  • 400
  • UPD: 20:58, 23.10.2018

Соңғы он екі жыл ішінде Қазақстанға шет елдерден 264 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды.

Қаржы көбіне тау-кен, құрылыс салаларына және соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібіне бағытталуда. Мәселен, өткен жылы инвестицияның 25 пайызы өңдеуші кәсіпорындарға бағытталды. Статистикалық мәліметтерге қарағанда елімізге қаржы құюда Нидерланд мемлекеті көш бастап тұр. Соңғы он жылда бұл ел Қазақстанға 73,2 миллиард доллар салған. 28,4 миллард доллармен АҚШ екінші орында. Швейцария 18,2 миллиард. Қытай 14,5, ал Франция 13,6, Ұлыбритания 12,3 миллиард доллар жұмсаған. Ал солтүстіктегі көршіміз Ресей Қазақстан экономикасына 10,8 миллиард доллар инвестиция құйыпты.

Хабар 24 телеарнасы