385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл жекешелендіруден түсетін табыс көлемі 17 млрд теңгемен ғана шектелмек

  • 641
Биыл жекешелендіруден түсетін табыс көлемі 17 млрд теңгемен ғана шектелмек

Елімізде жекешелендіру ісі созылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық экономика министрлігі жыл соңына дейін мемлекеттік нысандарды сатудан түсетін пайда 120 млрд теңгеге жуықтайды деп болжаған еді. Алайда бұл жоспар орындалмайтын сынды. Өйткені «Самұрық қазына» қарамағындағы компаниялардың көбі тек келесі жылы сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленовтың айтуынша, осы күнге дейін елімізде 440 мыңнан астам нысан жекешелендірілген екен. Олардың дені тендр арқылы ойнатылыпты. Қалғаны аукцион арқылы сатылған.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

– Биылғы жылы жекешелендіруден түсетін пайда 120 млрд теңгеге жуықтайды деп жоспарладық. Алайда межеге жету мүмкін болмады. Себебі мемлекеттік комиссия шешімімен «Самұрық қазына» компаниялары тек келесі жылы сатылымға шығарылатын болды. Осының кесірінен, биылғы жекешелендіруден түсетін табыс көлемі 17 млрд теңгемен ғана шектелмек.

Хабар 24 телеарнасы