384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шотына түскен инвестициялық табыс 623 млрд теңгеге жетті

  • 446
  • UPD: 11:12, 31.10.2018

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 623,6 миллиард теңгеге жетті.

Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш.  Қор зейнетақы активтері 8,9 триллион теңгеге жеткен. Бір жыл ішіндегі өсім 17,9 пайызды құрады. ҚР екінші деңгейдегі банктері үшін жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын облигациялық бағдарлама аясында қыркүйек айында 29,37 миллиард теңгеге облигация сатып алынған. Мұнда орташа өлшемді кірістілік жылына 12 пайызды құрайды.

«Тұрғын-үй-құрылыс жинақ банкі» арқылы алғашқы 1000 адамға жеңілдетілген несие берілді. Берілген несиелердің жалпы сомасы – 16 млрд теңге. Қарыз жылдық мөлшерлемемен 6-8 пайызбен есептелген. Жыл соңына дейін 6000 адамды 74 млрд теңге несиемен қамту көзделіп отыр. Бұған қоса, елімізде «Баспана Хит» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша несие беріле бастағанын естеріңізге саламын. Өзге де тақырыптар жөнінде сәл кейінірек. 

Қазақстандық банктердің кіріс көлемі 24 трлн теңгені құрады. Қомақты қаражат. Дегенмен, 2016 жылмен салыстырғандар бұл 10 трлн теңгеге аз. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23,9 трлн теңгені көрсеткен.  Түскен түсімнің 22 трлн-нан астамы сыйақыдан тыс қаражат. Активтерді қайта бағалаудан 20 трлн 149,3 млрд теңге, резерв-провизияларды қайта қалпына келтіруден – 849,7 млрд теңге, дилингтік операциялардан 506,8 трлн теңге, комиссиялық табыстары 352 миллиард теңгені, әртүрлі активтерді сатудан алған қаражаттары 28 млрд теңгені құрады. Осылайша қаржы көздері 96,6 пайызға жеткен.

- Банк кірісінің артуына мемлекет қалай әсер етіп отыр?

- Банктерге Үкімет алдағы үш жылда қаржылық ұйымдар арқылы өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында 500 миллиард теңге, Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерімен, басқа да  көздерден  тағы 600 миллиард теңге ұзақ мерзімді өтімділік-қаражат беруді көздеп отыр.

-Қазақстандағы 179 елді мекен жойылу алдында тұр. Олардың даму әлеуеті төмен. Елді мекендердің 74%-ы орташа және 11%-ының болашағы бұлыңғыр. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты өкілдері хабарлады. Оған қоса халық саны жөнінен заңнамаға сай келмейтін  14 қала бар. Оларға ауыл статусы берілуі ықтимал. Себебі, «Әкімшілік-аумақтық құрылымдау туралы» ҚР Заңы бойынша халқының саны 10 мың адамнан кем емес елдімекендер қала болып саналады. Мамандар шағын қалалардың дамуына көңілі толмайтынын жеткізді.  Сондықтан урбандалу процесінің деңгейін межелеу кезінде оларды есепке алмау керек, деп санайды.  Ал 2025 жылға дейін аймақтарды дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді.

- Ауыл мәртебесі берілетін қалалар жайлы айтып қайттыңыз. Олардың жағдайын қайта қарап, әлеуетін арттырып, түзеуге келмей ме?

- Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің Степняк, Державинск, Ерейментау, Жем, Темір, Шар, Қарқаралы, Қазалы, Форт-Шевченко және Мамлютка қалаларының мәртебесін сақтап, оларды аудандық деңгейдегі экономикалық өсу нүктелері ретінде дамыту ұсынылып отыр. 

Әлемдегі миллиардерлердің дені Қытайда тұрады. 43 елдегі 2,158 мың миллардердің 2017 жылдағы жағдайын бағалаған швейцариялық банк сарапшылары АҚШ-қа қарағанда Азия байларының көп екенін анықтаған. Мұнда миллиардтаған қаржы иелерінің саны 814-ке көбейді. АҚШ-та жыл өткен сайын миллирдерлердің саны азайып келе жатыр. Мамандар осы қалып сақталса, 2-3 жылда Азия миллиардерлер жөнінен АҚШ-ты шаң қаптыруы мүмкін дейді. Ал Еуропадағы ахуалға келсек, сәл ғана өсім бар. Жалпы дүние жүзіндегі миллиардерлердің қаржылық ахуалы өткен жылы 1,4 млрд долларға артқан. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал американдық Forbes журналы жариялаған деректе әлемдегі ең бай адамдардың қатарынан биыл бес қазақстандық көрінген.

МИЛЛИАРДЕРЛЕР ӘЛЕУЕТІ:

2017 –  1,4 трлн доллар

Азия –  814 адам = 2,7 трлн доллар (+32%)

Қытай –  373 адам = 1,12 трлн доллар (39%)

АҚШ – 585 адам = 3,1 трлн доллар (+12%)

Еуропа – 414 адам = 1,9  трлн доллар (+19%)

Ресей – 101 адам = 409,3 млрд доллар (+5%)

Хабар 24 телеарнасы