379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Doing Business рейтингінде 8 саты жоғарылады

  • 493
  • UPD: 19:55, 01.11.2018

Қазақстан Doing Business рейтингісінде 28-орынға ие болды.

Ал өткен жылдары 36-орыннан көрінген еді. Яғни биыл бірден 8 сатыға көтеріліп отыр. Атап айтар болсақ, Қазақстан Испания, Франция, Польша мен Швейцария, тіпті Жапония мен Түркия сынды мемлекеттерді басып озды. Рейтингтің жоғарлауына кәсіпорындарды тіркеу, халықаралық сауда және келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы реформалар сеп болған. Мәселен, кәсіпорынды ашу уақыты 9 күннен 5 күнге дейін қысқарды. Экспортқа тауар шығарушылар кедендік тексерістен өту үшін бұрынғыдай 133 сағат күтпейді. Қазір тексеріс уақыты 30 сағатқа қысқарды. Әрі кеден алымы 20 долларға азайып, 470 АҚШ доллары болды.

Фрэнсис Ато Браун, Дүниежүзілік банктің ҚР тұрақты өкілі:

– Қазақстан Дүниежүзілік банктің рейтингін сәтті іске асырған 30 көшбасшы елдің қатарына еніп отыр. Енді алдағы уақытта да осы көрсеткішті сақтап қалу керек. Ол үшін бизнестің қаржыға қолжетімділігін арттырып, шикізаттық емес саладағы кәсіпкерліктің дамуына бағытталған барлық реформаларды іске асырған жөн. Біз бұл рейтингті Алматы қаласындағы зерттеудің нәтижесі бойынша жасадық. Ал биылдан бастап Қазақстанның барлық аймағында сараптама жүргізіп, келер жылы нәтижесін жариялаймыз. Бұл жаппай республика аумағында бизнесті дамытуға ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы