384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия елімізге 20 жыл бұрынғы қарызын қайтарды

  • 422
  • UPD: 12:40, 06.11.2018

Грузия елімізге берешек 11  млн доллардан астам қарызын өтеді. Қаржы министрілігінің мәліметінше, берешек қарыз 27 миллион долларды құрайды.

Келісім бойынша ресми Тбилиси аталмыш қаржыны 2025 жылға дейін төлеп бітуі тиіс. Грузия билігі бұл қарызды осыдан 20 жыл бұрын алған еді. Ал оны қайтаруға байланысты келіссөздер 2001 жылы басталып, 2016 жылы бірақ аяқталған. Бұл ретте еліміз қарызды қайтаруда қарсы тараптың шарттарымен келісті. Уағдаластық бойынша грузиндер берешекті 7 жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстанға тек Грузия ғана берешек.

Елімізде бір жыл ішінде қарақұмық бағасы 26,4 пайызға  арзандады. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 4,7% қымбаттағаны байқалады.

Статистика комитетінің хабарлауынша, нан, ұн, макарон, ет өнімдері, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, сусындар және алкоголь ішімдіктері қымбаттаған. Керісінше, жарма - арзандаған. Сондай-ақ жарма өнімдерінің бағаларында өзгеріс бар. Мысалы, күріштің бір келісінің орташа бағасы  қазанда 314 теңге болса, былтыр 289 теңгені құраған. Ал, қарақұмық құны  - 248 теңге, қаймақтың бір келісі  - 1047 теңге, айран - 282 теңге, пастерленген сүт құны шамамен  222 теңгеден басталады. 

Ал елімізде ең төмен күнкөріс деңгейі шамамен  28 мың 620 теңгені құрады. Статистика комитетінің хабарлауынша, халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өткен жылмен салыстырғанда 11,8 процентке өскен. Оның құрамында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 18,7 пайыз, сүт өнімдері мен жұмыртқаға - 14,6 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 12,7 нан және жарма өнімдеріне 6,9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,1 процентті құрады. 

Ал қант бағасы 20%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері 180 мың тонна қант өндірілген. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 25,7%-ға төмен. Оның салдарынан биыл өнімнің 28,5%-ы сырттан әкелінді.  Осылайша, халық сұранысының 53,5 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Статистикаға сүйенсек, қант бағасы 241 теңгеге дейін өсті. Өңірлер бойынша Түркістан мен Семейде ең жоғары баға тіркелді. Ең арзан қант Ақтөбеде. Онда келісі  208 теңге саудаланып жатыр.

- Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтар жылына шамамен 400 мың тонна қант тұтынады. Елімізде тек екі облыс қана... қант қызылшасын өсіреді. Әрине, оның өнімі бүкіл республиканы қамти алмасы анық. Сонда мәселені шешудің жолы жоқ па?

- Бағасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Сіз бен біз тұтынып отырған қанттың 90 пайызы шетелдік шикізат, яғни қант құрағынан жасалады, оның небәрі 10 пайызы ғана отандық өнімнен алынады екен. Мәселен, Алматы облысында қант шығаратын екі кәсіпорын бар. Соның бірі Ақсу қант зауытының өндірістік қуаты артты. Осылайша, зауыт шығаратын қанттың сапасын да еселеп, қазір оны 11,5 %-ке жеткізді. Зауыт өңдеу ісін бастаған алғашқы екі күнде 5 мың тоннадан астам қант қызылшасын өңдеп үлгерген. Қазір  тәулігіне 2 жарым 3 мың тонна қызылша өңдейтін болды. Биыл зауытқа жеткізілетін тәтті түбірдің жалпы көлемі 150-160 мың тонна болмақ.

Мұнай бағасы құбылып тұр. Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы өзгерді. Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,09 долларға арзандап, 72 долларды құрады.

Хабар 24 телеарнасы