386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО мен Ресей арасындағы тауар айналымы 20 процентке өсті

  • 386
  • UPD: 20:15, 10.11.2018

Былтыр осы кезеңімен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 20 процентке өскен.

Қазір 140 млрд теңгеге жуықтады. Сонымен қатар экспорт әлеуеті де артты. Тауар айналымының жартысынан астамы жақын маңдағы Самара облысына тиесілі. Орал өңірі көршілес елмен экономикалық және  достық қарым-атынас орнатқан. Делегациялар туристік жобаларға, мәдени іс-шараларға және  Самара мен Оралдағы көрмелерге қатысады. Сондай-ақ медицина, білім және спорт саласында тәжірибе алмасады. Жақын күндері аймақтар арасындағы ынтымақтастық туралы, соның ішінде өзара тиімді сауда мен туризмді дамытуға бағытталған тағы бір келісімге қол қойылды. Оралдық тауар өндірушілер Самарада бірыңғай сауда алаңын құру жайын да ойластырып отыр. 

Аркадий Рубцов, әйнек өңдеу кәсіпорынының директоры:

- Әрине бұл өте  тиімді жоба. Біздің Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік қоғамдастығы барлық жаңашылдыққа ашық. Соңғы бірнеше жылда кәсіпорнымыз Самара облысымен бірге жұмыс істеп келеді.

Хабар 24 телеарнасы