389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы ірі компанияның негізін қалаушы Қазақстан экономикасына инвестиция құймақ

  • 391
АҚШ-тағы ірі компанияның негізін қалаушы Қазақстан экономикасына инвестиция құймақ

Кремний алқабының венчурлік инвесторлары Қазақстандағы цифрландыруға қатысады.

Оның ішінде АҚШ-тағы ірі инвестициялық компанияның негізін қалаушы Лэирд Каган бар. 1990 жылғы техникалық өрлеуге байланысты Каган капиталы 500 миллион доллар болатын 15 IT компания құрған. Стэнфорд университетінің түлегі энергетика, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар саласындағы 10 компанияны қаржыландырып, Нью-Йорк қор биржасына шығарған. Стартаптарды құрушы енді Қазақстан экономикасына инвестиция құюды жоспарлап отыр. Телеарнамызға берген эксклюзивті сұхбатында Каган біздің елдің 10 компаниясын Силиконды алқапқа шақырғанын жеткізді.

Лэирд Каган, Кремний алқабының венчурлік инвесторы:

– Қазақстанда екі мәрте болдым. Қазір сіздің елмен цифрландыру саласында бірлесіп әрекет етіп жатырмыз. Мақсатым – венчурлік инвестор ретінде экономиканы дамытуға атсалысу. «Астана» халықаралық қаржы орталығымен серіктестік орнатуды қалаймыз. Бұл – қызықты жоба. Жалпы қазір қазақстандық іскер топтармен жақсы қарым-қатынас орнаған. Соның бір дәлелі жергілікті 10 компанияны Силиконды алқапқа шақырып отырмыз. Бұл ынтымақтастығымызды тереңдетіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы