383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның кейбір өңірлерінде өндірістік белсенділік төмендеген

  • 289
  • UPD: 13:15, 13.11.2018

Еліміздің кейбір өңірлерінде өндірістік белсенділік төмендеген, деп хабарлады «Хабар 24».

Биыл 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша есеп берген Ұлттық экономика министрі осылай деді.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Өндіріс көлемі бойынша төмендеу Қызылорда облысында -7,1%, Батыс Қазақстанда - 4,4%,Түркістан облысында - 3,5% құрады.

Бұл аймақтарда мұнай, газ конденсатын және уран кенін өндіру азайған. Бірақ соған қарамастан, өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр.

Жалпы ішкі өнімнің өсімі осы 10 айда 4 пайыздан асты. Ал инфляция деңгейі 5-7% дәлізінде сақталып отыр. Сыртқы сауда айналымы 8 айда 21 пайызға артқан. Импорт деңгейі 10,8% өсіп, 20,8 млрд АҚШ долларына жетті. Еңбек нарығындағы жағдайға келер болсақ, жыл басынан бері 414 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы