384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Ақышев: Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту - қисынды қадам

  • 430
  • UPD: 15:24, 15.11.2018
Д.Ақышев: Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту - қисынды қадам caravan.kz

Өткен жылдардың тәжірибесі Қазақстан экономикасы үшін ақша-кредит саясатының барынша қолайлы режімін айқындауға мүмкіндік берді.

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлері VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеу барысында айтып берді.

Ол ақша нарығындағы операцияларға басымдық беру - біздің қаржы нарығының кемелденгенінің белгісі деп атады.

Оның айтуынша, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту - бұл қисынды қадам. Оны ашық экономикасы бар кез келген ел ерте ме, кеш пе жүзеге асыруға тиіс болған.

«Инфляция бойынша нысаналы бағдарларға жету заңда айқындалған, басқа елдердің тәжірибесі және көптеген орталық банктердің практикасында дәлелденген басымдық. Соңғы 2 жылда біз инфляцияны біртіндеп төмендетудеміз және нысаналы дәлізді ұстанамыз. Бұдан басқа, осы жылдан бастап Қазақстан Ұлттық банкі инфляцияның деңгейін салыстыруға келетін даму деңгейі бар елдердің көрсеткіштеріне дейін жеткізу мақсатында инфляция бойынша нысаналы бағдарларды біртіндеп төмендете бастады. Егер 2017 жылы инфляция дәлізі 6-8% болса, осы жылы 5-7% болды, ал 2019 жылы 4-6% болады. Инфляцияны 4% деңгейге дейін және 2020 жылдың соңында одан да төмендету орташа мерзімдегі міндет болып отыр», - деді Данияр Ақышев.

Бас банкир бұл мақсат айқын деп атады.

«Мәселен, қазанда жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 5,3%-ға дейін төмендеді. Инфляцияның деңгейі 18%-дық мөлшерде болған кезде 3 жыл бұрын бұл мәндерді екінің бірі болжаған жоқ», - деп түйіндеді ол. 

Хабар 24 телеарнасы