384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жеке тұлғалардың несие бойынша қарызы артты

  • 340
  • UPD: 21:47, 16.11.2018

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың несие қарызы 5,73 трлн теңгеге жетіпті.

Егер жыл басынан есептейтін болсақ берешек көлемі 9 пайызға артқан. Әрине бұған теңге бағамындағы өзгерістер де ықпалын тигізді.  Мәселен бір ғана тамыз айындағы көрсеткіштерге сүйенсек, тұрғындар көбіне кепіл қойылмаған несиені алып, уақытылы қайтармаған екен. Ол 51,9 пайызды құрап отыр.  Одан кейінгі орында ипотекалық несие қарызы.

«Қазақстандықтардың 24,5 пайызы баспана берешегін уақытылы бермеген», - деп жазады бірінші кредиттік бюро. Порталдың мәліметінше, кепіл қойылған тұтынушылар несиесі бойынша берешек 16,3 пайыз. Автонесие бойынша қайтарылмаған қарыз 6 пайыздан асып отыр. Ал несие картасын рәсімдеп, борышкер болып қалғандардың үлесі 1 пайыздан асты.

Хабар 24 телеарнасы