387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері еліміз арқылы 400 мыңнан астам контейнер тасымалданды

  • 368
  • UPD: 18:32, 19.11.2018

Елімізде транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі артты. Бұл туралы Үкіметте "Нұрлы жол» бағдарламасын талқылау кезінде айтылды.

Жыл басынан бері біздің ел арқылы 400 мыңнан астам контейнер тасымалданған. Былтырмен салыстырғанда бұл екі есе көп.  Айта кетейік, биыл бағдарлама бойынша   800 миллиард теңге бөлінген. Әзірге оның тек жартысы ғана игерілді. Сондай-ақ «Нұрлы жол» аясында  25 автожолдың құрылысы жүріп жатыр. Биыл 4 жарым мың шақырым жол қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін тағы 528 шақырым жолды бітіру жоспарда бар. Бағдарламаға сәйкес, Қостанай облысы мен Семей қаласындағы әуежайларда ұшу жолағы жөндеуден өткізілді. Тұрғын үй шаруашылығы саласы да назардан тыс қалған жоқ.

Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- «Нұрлы жол» бағдарламсы аясында көнтейнерлік тасымалдар саны тұрақты өсуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында барлық бағыттар бойынша 20 футтық эквивалент 536 мың транзиттік контейнер тасымалдау жоспарланған. Биыл 10 айда Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдар көлемі 411 мың жиырма футтық эквивалент контейнерді құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанд 49% артық.

Хабар 24 телеарнасы