380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай мен Челябі облыстары бірлесе жастар туризмін дамытпақ

  • 762
Қостанай мен Челябі облыстары бірлесе жастар туризмін дамытпақ

Қостанай мен Челябі облыстары арасында жастар туризмін дамыту мақсатында кешенді шаралар қолға алынбақ.

Жақында қос өңірдің қысқы саяхат орындарымен таныстыру үшін туристік ұйым өкілдері мен блогерлердің басын қосу жоспарда бар. Ал жаз мезгілі балалар мен жасөспірімдің демалысын бірлесіп ұйымдастыру көзделіп отыр. Ол үшін қос тарап үш күндік туристік бағыттарды анықтап алмақ. Сондай-ақ Челябі облысының әкімшілігі еліміздің басты қалаларына барыс-келісті барынша жеңілдету жолдарын қарастырып жатыр.

Дмитрий Глухарев, Челябі облыстық экономикалық даму министрлігінің басқарма басшысының м.а:

– Біз қиындықпен болса да, Астана-Челябі бағытында әуе рейсін аштық. Енді Алматымен осындай қатынас орнатсақ дейміз. Әуе байланысының пайда болуы туризмнің дамуына сеп болары сөзсіз. Қазақстанда қандай тамаша, көрікті жерлер бар екендігінен хабардармыз, оларда біздегі нысандарды жақсы біледі. Сондықтан бұл саланың мүмкіндігі мол деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы