376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында мемлекет көмегімен жеке кәсіп ашқандар қатары артып келеді

  • 778
  • UPD: 18:17, 25.11.2018

Қостанай облысында биыл шағын және орта бизнесті дамытуға 10 миллиард теңге бөлінді. Осындай мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп әкеткендер аз емес.

Өткен жылмен салыстырғанда, биыл шағын және орта бизнестің өндірген өнімі 20 пайызға артқандығы сол сөзіміздің дәлелі. 

Гүлнұр Омарова ине сабақтап,көрпе көктеп, жіп түйнеуді ерте жастан анасынан үйренген. Осылайша тігіншіліктің қыр-сырын жақсы менгерген Гүлнұр жеке кәсіп ашуға бел байлайды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 миллион тенге грантқа ие болып, оған тігін машинасы мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Қазір оның қолынан шыққан киімдер,басқа да бұйымдар қазіргі заманға лайық сәнділігімен ерекше.       

Гүлнұр Омарова, кәсіпкер:

- Өте ізденеміз. шығармашылық ойлаймыз көп. Күні-түні тынбай еңбектенеміз. Барлық киімді жақсылап ойластырып алып, матасын алып, тұтынушылармен де жақсы жұмыс істеп, олардың да ойларын, тілектерін ескере отырып, игілікті жұмыс істеп шығарамыз.

Қазір жас кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың арасында ісмерлігімен көпке танылған тәжірибелі тігіншілер де бар.

Зәрифа Кеңжаева, тігінші:

- Тойға, келін түсіру, бесік той баланың бір жасы, сүндеттой, көкірекше, қамзол, бешпент, бәрі тігіледі. Тапсырыс әр жерлерден түседі, Астанадан келеді, Қарағандыдан, мәселен, мына Қарағанды, Теміртаудан 30 сәукелеге бұйыртпа келген, осыны қазір қыздармен бірге дайындап жатырмыз.

Ресми мәліметке сүйенсек, облыста шағын және орта бизнеске жататын 50 мыннан астам құрылым бар екен. Оларда шамамен 160 мың адам еңбек етеді. Жеке ісімді ашсам деген адамдар жылдан-жылға көбейіп келеді-дейді мамандар. Мысалы, биыл екі мыңанан астам қостанайлық бизнес курсында білім алған. 

Роберт Юсупов, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

- Бизнес жобалардың 80-85 пайызы ауылшаруашылығына қатысты. Мал өсіру, бордақылау алаңын немесе шағын сүт-тауарлы фермасын ашу сияқты ұсыныстар көп түседі. Себебі бұл саланы дамытудың қазір мұмкіндігі мол.

Кәсіпкерлікті қолдау шараларының арқасында соңғы төрт жылдың ішінде облыста шағын және орта бизнестің өндірген өнімі 50 пайызға өсті. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы