384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды

  • 882
  • UPD: 22:27, 26.11.2018

Сенат депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасын Мәжіліске қайтарды.

Жоғарғы палата депутаттары құжаттың кей жерлеріне өзгеріс енгізу қажет деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, кейбір елді мекендерді ауызсумен қамту, көгілдір отын тарту және шекара қызметі нысандарын жөндеу мәселелерін қайта қарауды сұрап отыр. Бюджеттің жаңа жобасында қазына қаражатының 45 процентін әлеуметтік салаларға бағыттау қарастырылған. Сондай-ақ құжатта Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мәселесі де ескерілген.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Жаңа бюджетте мемлекеттік «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустриалдық-инновациялық дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» секілді 14 бағдарламаның барлығын қаржыландыру көзделген. Макроэкономикалық көрсеткіштер ескерілді. Енді оны сапалы орындау қажет.

Хабар 24 телеарнасы