389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаның іскер топтары АХҚО жұмысымен танысты

  • 418
  • UPD: 18:00, 04.12.2018

Лондонда кәрі құрлықтың іскер топтары Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты. Ұйымдастырушылар мұнда Қазақстанның бизнес пен тікелей шетелдік инвестициялар үшін есігі айқара ашық мемлекет екендігін паш етті.

Астана халықаралық қаржы орталығының нормативті-құқықтық базасы ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделіп жасалған. Қаржы орталығы сот жүйесін, қор нарығындағы қаржы қызметі мен операцияларын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді. Шарада осы мәселелерге баса назар аударылды.

Гарри Кеннет Вульф, АХҚО сотының төрағасы:

- Жауапкершілігі маған жүктелген соттың үлкен жетістіктерге жеткеніне өте қуаныштымын. Біз бизнеске  ашықпыз. Барлығы жоғары деңгейде болу үшін сапалы инфрақұрылым жасалып жатыр.

Қаржы орталығының өкілдері британиялық бизнесмендерге жыл бойына қол жеткізген алғашқы жетістіктері туралы айтып берді. Әсіресе, олар Сот пен Халықаралық арбитраж қызметінің қаржы орталығының қалыптасуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ ортақ ынта-жігермен жасалып жатқан экожүйе бүкіл әлемдегі инвесторлар үшін қауіпсіздіктің кепілі болатындығына сенім білдірді.

Барбара Джадж, АХҚО директорлар кеңесінің төрайымы:

- Жиынға 200-дей адам жиналды. Олардың жартысы Қазақстанмен етене таныс және ортақ бизнес құрған. Өзгелері ел туралы көбірек хабардар болу үшін келіп отыр. 

Ресми түрде іске қосылғалы бері қаржы орталығының биржасында сауда жасала бастады. Қазірдің өзінде онда 100 компания тіркелген. Бүгінгі шарадан кейін олардың қатары көбейеді деген үміт бар.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы