383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды

  • 420
  • UPD: 11:20, 06.12.2018

«Бәйтерек» басқарушы холдингі Оңтүстік Кореяның іскер топтарына бизнес жобаларын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеулде әлеуетті инвесторлармен кездескен қазақстандық тарап мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары туралы баяндады. Олардың ішінде Алматы мен Қарағанды университеттері жанынан емханалар салу, Алматы үлкен айналма жолы секілді ірі жобалар бар. Сондай-ақ құны 800 миллион долларды құрайтын Түркістан облысы жолдарын салу ісіне де назар аударылды. Айта кетейік, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынас қазіргі президент Мун Чжэ Иннің тұсында белсенді дами түсті. Таңғы шық елінің басшысы Қазақстанға келесі жылы мамыр айында тағы ресми сапармен келеді. 

Ким Джи Ын, SK E&C компаниясының бас менеджері:

– Қазақстанда валюта бағамының құбылуына байланысты біраз қиындыққа тап болдық. Бірақ жергілікті үкімет жеңілдік жасап, тәуекелдің алдын алды. Жалпы келешекте жобаларды қаржыландыру теңгемен есептеледі деп сенемін.

Әділ Өтембаев, «МЖС жобаларын қолдау орталығы» ЖШС басқармасының төрағасы:

– Желтоқсан айында құжаттарды бекітуді аяқтап, тендердің бірінші кезеңін жариялаймыз. Бұл халықаралық деңгейдегі тендер болады. Оны ақпарат құралдары арқылы хабарлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы