376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея кәсіпкерлеріне 50-ге жуық қазақстандық жоба ұсынылды

  • 218
Оңтүстік Корея кәсіпкерлеріне 50-ге жуық қазақстандық жоба ұсынылды

Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналамы екіжақты қатынас орнағалы бері ең жоғарғы деңгейге жетті.

Бұл туралы Сеулде өткен инвестициялық семинар барысында мәлім болды. Жиынға Кореяның экспорт, сауда мен инвестицияны қолдау агенттігі мен «Қазақинвест» ұлттық компаниясы ұйытқы болды. Мәліметтерге сәйкес, қос елдің тауар айналымы екі жыл ішінде 500 миллион доллардан 2,5 миллиардқа дейін өсті. Келер жылы бұл көрсеткіш тағы артуы тиіс. Өйткені шара барысында Оңтүстік Корея кәсіпкерлеріне 50-ге жуық қазақстандық жоба ұсынылды. Олардың арасында жалпы құны 35 миллион долларды құрайтын екі емхана мен Шымкенттегі зауыт құрылысы бар.

Жандос Темірғали, «Қазақинвест» ҰК аймақтық қолдау жөніндегі директоры:

– Бұл – инфрақұрылымдық жоба саналады.Ол да мемлекеттік пен жекеменшік әріптестігіне негізделген. Қазақстанда ақылы жолдарды енгізуге 267миллион доллар қарастырылған. Сондай-ақ, ауылшаруашылық кешенін дамытуға қатысты бірнеше жоба бар. Оның бірі – Қазақстандағы құс фабрикасының құрылысы. Жобаның жалпы құны 42 миллион долларды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы