389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық тұрғындары жеңілдетілген несиенің игілігін көрді

  • 712
  • UPD: 15:36, 09.12.2018

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында биыл бизнесті шағын несиелендіруге қосымша 20 миллиард тенге бөлінді. Және оның басым бөлігі ауылдық жерлерге бағытталған.  Осы арзан несиенің арқасында жеке кәсібін ашып, нәсібін тауып отырғандар  көбейді.

Арқалық қаласының тұрғыны Нұриддин Мырзакерімовтің кезекті рейстен оралған беті. Ол былтырдан бері шағын несиеге алған КАМАЗ көлігімен ел арасында жүк тасымалымен айналысып жүр. Азық-түлікке арналған Газел көлігі  тағы бар. Қазір өзімен қоса 4-5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нұриддин Мырзакерімов, кәсіпкер:

- Шұбаркөлден көмір тасимыз. Тығыздалған шөпті әкеліп, осында халыққа әкеліп сатамыз. Жазды күні оңтүстіктен жеміс-жидек тасимыз. Осы шағын несиенің арқасында шаруашылығымыз дамып жатыр десе болады.

Арқалықта  түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында  76 жоба шағын несиемен қаржыландырылған. Соның нәтижесінде жүзге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Асқар Көбеков, Арқалық қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2 гранттық жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, бірыңғай есептеу орталығы және ауылшаруашылық техникасының май аппаратураларын жөндейтін цех ашылды.

Мемлекет көмегін тиімді пайдаланғандардың бірі батыс қазақстандық Абзал Өтегенов. Орал қаласының тұрғыны 9 миллион тенге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кілем жуатын жабдықтар сатып алған. Бұгінде жұмысы алға басқан кәсіпкердің алдағы күннен үміті зор.

 

Абзал Өтегенов, кәсіпкер:

-  Негізгі қызмет бізде кілем жуу. Жуып, тазалап, целлофан пакеттерге салып апарып береміз және екінші қосымша қызмет жұмсақ жиһаз. Диван дейміз ғой, солар. Келесі жылы кеңейтетін ойымыз бар. Үйлессе, өзімізге цех салғымыз келеді жоспар бойынша.

Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысында жалпы өнімнің 40 проценті шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша аталған өңір үздік үштікке кіреді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ерденбек Жылқайдарұлы Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы