385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында сүт өнімдерінің экспорты 4 есеге өсті

  • 756
Қостанай облысында сүт өнімдерінің экспорты 4 есеге өсті

Биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстан мен Челябі обылысының арасындағы тауар айналымы 1 миллиард 400 миллион тенгені құрады.

Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 6-7 процентке көп. Және жылдан жылға көрші елге өткізілетін тауарлардың арасында азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді. Мысалы, Қостанай облысынан сүт өнімдерінің экспорты биыл 4 есеге өсті. Ет саудасы да қызып тұр. Бір ғана Қарабалық ауданындағы бордақылау алаңынан шет елдерге 1,5 мың тонна ет өткізу жоспарланған. Негізгі тұтынушы – Ресей мен Өзбекстан. Және олар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Қазақстан бойынша ең ірі бордақылау алаңында мал басы келер жылы 20 мыңға жеткізілмек.

Нұрболат Құтқожаев, шаруашылық директоры:

– Еттей де, тірідей де сатып жатырмыз, Мысалы, Ресейді алатын болсақ, Орынборда орналасқан ет комбинатына тірідей алып шығарамыз. Одан басқа Екатеринбург, Санкт-Петербург қалаларына еттей шығарамыз. Өзбекстанға да тап солай.

Хабар 24 телеарнасы