384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жылдық инфляция 4,6 процентті құрады

  • 545
  • UPD: 14:44, 11.12.2018

Биыл мемлекеттік бюджетке 7 трлн 500 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 232 млрд теңгеге көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады. Есепті кезеңде республикалық бюджеттің шығысы 8 трлн 651 млрд теңгеге атқырылған. Игерілмеген сома 107 млрд теңгені құрады. Осы соманың 25 млрд теңгесі бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінеді. «Игермеудің негізгі себептері көрсетілетін қызметтердің кестеден қалып қоюы және келісімдердің ұзаққа созылуы деп түсіндірді», – министр. Ал Ұлттық экономика министрі Сүлейменовтің айтуынша, елімізде инфляция деңгейі 5-7 пайыз деңгейінде сақталып отыр. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Инфляция деңгейі 5-7 деңгейінде сақталды. Ағымдағы жылдың қараша айында 0,9 процентті, ал жыл басынан 3,8 процентті құрады. Жылдық инфляция 4,6 процентті құрады. Экономикадағы шешуші рөлді негізгі капиталға салынған инвестициялар алып отыр. Ағымдағы жылы олардың көлемі 18,3 процентке өсті.

Хабар 24 телеарнасы