385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде индустриалды серпін арқылы азаматтардың өмір сүру сапасы едәуір артқан

  • 479
  • UPD: 12:39, 12.12.2018

Елімізде индустриалды серпін арқылы азаматтардың өмір сүру сапасы едәуір артқаны белгілі. Жаңа жұмыс орындары ашылып, заманауи инфрақұрылым мен цифрлық қызмет түрі пайда болды.

Мәселен, индустрияландырудың екінші бесжылдығының төртінші жылы жалпы құны 1,2 трлн теңгеге тең жүзден астам нысан іске қосылды. Нәтижесінде 13 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. 9 жылда отандық өнеркәсіптің келбеті өзгеріп, жергілікті инженерлер мен жұмысшылардың біліктілігі мен кәсібилігі артты. Тарих жылнамасындағы  өзге де жеңістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпірде айтылды. Астанамен қата еліміздің 14 өңірі мен 2 республикалық маңызы бар қаладан 7 мың маман тікелей байланысқа шығып, сала көшбасшылары саналатын 28 индустриалды нысанның жұмысын бастады. Бес блоктан құралған телекөпірде тау-кен металлургиясы, машина құрастыру, цифрландыру, құрылыс саласы, жасыл экономика, дәстүрлі энергетика, газ өңдеу мен жеткізу, баламалы қуат көздері және агро-өнеркәсіп кешені сынды салалар қамтылды.

Хабар 24 телеарнасы