389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұннан кеспе шығару өндірісінде еліміз Қытайдың тәжірибесін қолданады

  • 373
  • UPD: 13:28, 12.12.2018

Қуатты Қазақстан – Цифрлық Қазақстан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елді цифрландыру арқылы отандық экономиканың өнімділігі 2,5 есе өсетіндігін айтты.

Сондай-ақ Елбасы индустриалды-инновациялық дамуды үдету үшін жер қойнауынан шығатын шикізат өнімдерін қайта өңдеп, бағасын көтеріп сатуға басымдық беру тапсырмасын қойды. Айта кетейік, Президенттің қатысуымен өткен телекөпірде 30-ға жуық нысан жұмысын бастап, 7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бізде барлығы бар, бірақ та өңдеу болмағаннан кейін, арзан бағаменен шикізат ретінде сатып жатырмыз. Соларды өңдеп, бағасын көтеріп сату өте қажет. Қазіргі уақытта сыртқа шығаратын жағдай туды. Қытайға да шығуға болады. Парсы шығанағына шығуға болады. Төңірегімізде көршілер бар. Ресей бар. Сыртқа шығарып сатып, экспорттап тауарымызды ақша тауып, ауыл шаруашылығын байыту, халыққа қаражат әкеп беру, өндірісті ары қарай өндіруге біз қомақты қаржы жинайтын боламыз. Сондықтан ұннан кеспе шығару, одан ары қарай өңдеу деген шаруаны қазір Қытаймен бірге қолға алып жатырмыз. Мынау Алматы облысындағы жаңағы кеспе шығаратын өндіріс өте керек. Барлығы да ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу мәселесіне мемлекет ылғи қолдау көрсетіп отырады. Сіздер өнеге көрсетіп отырсыздар.

Хабар 24 телеарнасы